БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Нариман Курбанов Мәскеудегі халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық гимнаст Нариман Курбанов Ресей астанасы Мәскеуде өтіп жатқан халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.

Отандасымыз ат снарядындағы жаттығуда 15,066 ұпай жинап, қарсыластарынан басым түсті.

Екінші орынды 14,300 ұпай жинаған ресейлік Ранель Сафиуллин иеленді. Ресейдің тағы бір өкілі Даниел Маринов 13,866 ұпаймен қола жүлдегер атанды.

Қазақстандық гимнаст ең жақын қарсыласынан 0,766 ұпайға озып, алтын медальға қол жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button