ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Қазақстандық керлингшілер халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды

Ресейдің Сириус қаласында керлингтен Sirius International 2026 халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстанның ерлер құрамасы аталған жарыста үздік үштіктің қатарына енді.

Жартылай финалда қазақстандық керлингшілер «Ресей-3» командасымен кездесіп, 3:5 есебімен жеңіліп қалды.

Қола жүлде үшін өткен кездесуде ұлттық құрама «Ресей-1» командасынан 7:5 есебімен басым түсті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button