ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Қазақстандық дзюдошылар Ташкенттегі Гран-приде бес жүлде иеленді

Өзбекстан астанасы Ташкентте кадеттер арасында дзюдодан Гран-при кезеңі өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының спортшылары халықаралық додада бір алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

40 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әдия Жанахмет барлық қарсыласынан басым түсіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Ернат Кеңесбек (55 келі) пен Аслан Ерғалиев (60 келі) финалға дейін жетіп, күміс медаль иеленді.

Ал Ғабит Расулхан (60 келі) мен Ерік Үсенов (66 келі) өз салмақ дәрежелерінде қола жүлдегер атанды.

Осылайша, қазақстандық жас дзюдошылар Ташкенттегі халықаралық турнирде төрт салмақ дәрежесі бойынша бес медаль жеңіп алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button