ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Қазақстанның 11 шорт-трекшісі Шанхайдағы әлем кубогында сынға түседі

Қытайдың Шанхай қаласында 27–29 қараша аралығында шорт-тректен әлем кубогының төртінші кезеңі өтеді.
Халықаралық жарысқа қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі анықталды. Ел намысын алты ер және бес әйел спортшы қорғайды.
Ерлер құрамасы:
-
Глеб Ивченко;
-
Богдан Вехов;
-
Айбек Насен;
-
Айбек Темірхан;
-
Тамирлан Жолдас;
-
Әділ Ғалиахметов.
Әйелдер құрамасы:
-
Алина Әжіғалиева;
-
Анастасия Галечина;
-
Зейнеп Құмарқан;
-
Гүлдана Жалмұқан;
-
Полина Омельчук.
Шанхайдағы жарыс аяқталғаннан кейін Қазақстан құрамасы Қытай астанасы Бейжіңге аттанады.
Бейжіңде 4–6 желтоқсан аралығында шорт-тректен әлем кубогының бесінші кезеңі өтеді.



