ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Қазақстанның сегіз биатлоншысы Финляндиядағы әлем кубогына қатысады

Финляндияның Контиолахти қаласында 26–29 қараша аралығында биатлоннан 2026/2027 жылғы маусымдағы әлем кубогының алғашқы кезеңі өтеді.
Маусымның алғашқы халықаралық додасына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі белгілі болды. Ел намысын төрт ер және төрт әйел спортшы қорғайды.
Ерлер құрамасы:
-
Александр Мухин;
-
Владислав Киреев;
-
Әсет Дүйсенов;
-
Кирилл Бауэр.
Әйелдер құрамасы:
-
Милана Генева;
-
Лаура Киныбаева;
-
Айша Ракишева;
-
Дарья Климина.
Әлем кубогының алғашқы кезеңінің бағдарламасына жекелей жарыс, спринт, аралас эстафета және жекелей аралас эстафета енгізілген.
Жекелей жарыста ерлер 20 шақырым, ал әйелдер 15 шақырым қашықтықта сынға түседі.



