ДЗЮДО

Санжар Еруланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды

Қазақстандық дзюдошы Санжар Еруланұлы Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалға дейін жетті. Ақтық белдесуде ол Жапония өкілі Шокей Хираномен кездесті.

Шешуші белдесуде Санжар Еруланұлы қарсыласынан басым түсіп, әлем чемпионы атағын иеленді.

Бұл – Қазақстан құрамасының Ташкенттегі әлем біріншілігінде жеңіп алған алғашқы алтын медалі.

Бұған дейін дәл осы 100 келіге дейінгі салмақта тағы бір қазақстандық дзюдошы Асқар Біржанов қола жүлдегер атанған еді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар: бір алтын және бір қола. Екі жүлдені де 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшылар жеңіп алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button