
Қазақстандық дзюдошы Асқар Біржанов Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жүлделі үшінші орын үшін өткен шешуші белдесуде Никита Юдановпен кездесті.
Тартысты бәсекеде Асқар Біржанов қарсыласынан басым түсіп, әлем чемпионатының қола медалін иеленді.
Бұл – Қазақстан құрамасының Ташкенттегі әлем біріншілігінде жеңіп алған алғашқы жүлдесі.
Осылайша, Асқар Біржанов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтеріліп, Қазақстан құрамасының медаль есебін ашты.



