
23 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Алматы қаласында әйелдер арасындағы гандболдан Азия чемпионаты өтеді. Құрлық біріншілігіне он елдің ұлттық құрамасы қатысады.
Бұл турнир 2027 жылы Венгрияда өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңі саналады. Азия біріншілігінің қорытындысы бойынша үздік төрт команда әлемдік додаға жолдама алады.
Жеребе нәтижесінде Қазақстан құрамасы В тобына түсті. Отандастарымыз топтық кезеңде Оңтүстік Корея, Үндістан, Аустралия және Өзбекстан құрамаларымен кездеседі.
Ал А тобында Жапония, Иран, Қытай, Гонконг және Таиланд командалары өзара сынға түседі.
Қазақстандық гандболшылар Азия чемпионатындағы алғашқы кездесуін 23 қарашада Аустралия құрамасына қарсы өткізеді.
Алматыда ұйымдастырылатын құрлық біріншілігі Қазақстан құрамасы үшін өз алаңында өнер көрсетіп, 2027 жылғы әлем чемпионатына жолдама алуға мүмкіндік береді.



