
Қазақстан құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында өтетін садақ атудан жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысады. 14–22 желтоқсан аралығында ұйымдастырылатын құрлықтық додада еліміздің намысын 31 спортшы қорғайды.
Қазақстандық садақшылар 18 және 21 жасқа дейінгі екі жас санатында сынға түседі. Спортшылар классикалық және блоктық садақ атудан жүлделі орындарға таласады.
18 жасқа дейінгі спортшылар арасында классикалық садақ атудан Батырхан Зинабдин, Диербек Давлетбеков, Райымбек Майкибаев, Алихан Тұяқ, Әлібек Назеркеш, Ангелина Власова, Айлин Байбатчина және Ясмин Ғалиахмет өнер көрсетеді.
Осы жас санатында блоктық садақ атудан Қалауын Төлендиев, Никита Ивлев, Павел Кузнецов, Сұлтан Жақанбет, Әси Әзімбай, Аяжан Жақсылық, Милана Бурлева және Жанел Шадьярова ел намысын қорғайды.
21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы классикалық садақ жарысына Әлемхан Қабдрахманов, Рахымжан Қамар, Санжар Ержанұлы, Анастасия Солодовникова, Аяла Үсен, Александра Землянова және Самира Жұмағұлова қатысады.
Ал блоктық садақ бойынша Әлімжан Қалымқанов, Данияр Жұмаев, Қуан Рысқұлбек, Андрей Тютюн, Айлана Нұрланова, Юлия Захарова, Диана Юнусова және Жанайым Тұрсынбек сынға түседі.
Осылайша, Шарджадағы Азия чемпионатында Қазақстан атынан U18 санатында 16, ал U21 санатында 15 спортшы өнер көрсетеді.
Жастар арасындағы құрлық біріншілігі 14 желтоқсанда басталып, 22 желтоқсанға дейін жалғасады.



