
Қазақстандық гимнаст Әлихан Мәулет Қытайдың Нанкин қаласында өткен батуттағы гимнастикадан жас ерекшеліктері бойынша әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
Ұлттық құрама өкілі 17–21 жас аралығындағы спортшылар арасында қос шағын батуттағы жарысқа қатысып, финалға дейін жетті.
Шешуші кезеңде Әлихан Мәулет екінші нәтиже көрсетіп, әлем чемпионатының күміс медалін иеленді.
Бұл сайыста ресейлік Лев Бусарев 28,600 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Ал АҚШ өкілі Кейсен Мааг 23,900 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.
Осылайша, Әлихан Мәулет Нанкиндегі әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасының қоржынына күміс медаль салды.



