
Қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин Замбия астанасы Лусакада өткен халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Ерлер арасындағы жекелей сында өнер көрсеткен отандасымыз финалға дейін жетіп, алтын медаль үшін үндістандық Манав Чоудхаримен кездесті.
Шешуші кездесудің алғашқы партиясында Панарин 21:19 есебімен жеңіске жетті. Алайда екінші партияда қарсыласы 21:14 есебімен басым түсті.
Жеңімпаз тағдыры үшінші партияда шешілді. Тартысты өткен ойында үндістандық спортшы 22:20 есебімен жеңіске жетіп, турнир чемпионы атанды.
Осылайша, Дмитрий Панарин үш партияға созылған финалдық кездесуде 1:2 есебімен жеңіліп, жарысты екінші орынмен аяқтады.
Ал қола медальдар Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілдері Бхарат Латиш пен Дев Вишнуға бұйырды.



