
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Молдовадан жеңілгеннен кейін ФИФА-ның әлемдік рейтингіндегі орнын тағы бір сатыға төмендетті.
Бұған дейін 117-орында тұрған Қазақстан құрамасы 118-сатыға сырғыды.
Ал Қазақстанды жеңген Молдова құрамасы рейтингтегі көрсеткішін жақсартып, 158-орыннан 157-орынға көтерілді.
Өзге құрамалардың да рейтингтегі орындары өзгерді. Атап айтқанда, бұған дейін 126-сатыда болған Фарер аралдары екі орын жоғарылап, 124-орынға жайғасты.
Словакия құрамасы керісінше екі сатыға төмендеп, 45-орыннан 47-орынға түсті.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясындағы соңғы кездесуінде Молдоваға 1:2 есебімен есе жіберген болатын.



