Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламадан бесінші орын алды

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан Гран-при сериясының үшінші кезеңінде өнер көрсетуін бастады.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 2026/27 жылғы маусымдағы кезекті халықаралық жарыста қысқа бағдарламасын орындап, төрешілерден 94,87 ұпай алды. Бұл нәтиже оған 12 қатысушының арасында бесінші орынға тұрақтауға мүмкіндік берді.
Қысқа бағдарлама қорытындысында жапониялық Као Миура көш бастады. Ол 102,90 ұпай жинады. Екінші орынға 101,97 ұпаймен тағы бір Жапония өкілі Шун Сато жайғасты.
Ал бейтарап мәртебеде өнер көрсетіп жүрген ресейлік Евгений Семененко 99,72 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Михаил Шайдоров көшбасшы Као Миурадан 8,03 ұпайға қалып отыр. Қазақстандық спортшының жүлделі орынға көтерілу мүмкіндігі еркін бағдарлама нәтижесіне байланысты болмақ.
Ерлер арасындағы еркін бағдарлама 8 қарашада өтеді. Осы сайыстың қорытындысы бойынша Гран-при кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады.



