АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында сегізінші орын алды

Қазақстандық ауыр атлет Артем Антропов Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік ондыққа енді. Ол 110 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сегізінші нәтиже көрсетті.

Отандасымыз жұлқа көтеру жаттығуында 167 келіні бағындырды. Ал серпе көтеруде 226 келіні еңсеріп, қоссайыс қорытындысында 393 келі жинады.

Бұл нәтиже Артем Антроповқа әлем чемпионатында сегізінші орын алуға мүмкіндік берді.

Аталған салмақта Өзбекстан өкілі Акбар Джураев әлем чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеруде 198 келіні, серпе көтеруде 234 келіні бағындырып, жалпы есепте 432 келі нәтиже көрсетті.

Күміс медаль ирандық Алиреза Насириге бұйырды. Оның қоссайыстағы көрсеткіші 418 келіні (185+233) құрады. Ал Түрікменстан спортшысы Шахзадбек Матякубов 417 келі (187+230) көтеріп, қола жүлдені иеленді.

Осылайша, Артем Антропов жүлдегерлер қатарынан көрінбегенімен, әлемнің үздік сегіз ауыр атлетінің қатарына енді.

Айта кетейік, Нинбодағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бұған дейін бір медаль жеңіп алған болатын. 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрғиса Әділетұлы қоссайыс қорытындысында 399 келі (182+217) көтеріп, күміс жүлдегер атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button