ТЕННИСТРЕНДТЕ

Елена Рыбакинаның WTA қорытынды турниріндегі қарсыластары белгілі болды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінің топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталды. Маусымның үздік ойыншылары қатысатын жарыс 8–15 қараша аралығында АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтеді.

Жеребе нәтижесінде әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бірінші топқа түсті. Қазақстандық теннисші топтық кезеңде америкалық Кори Гауфф пен Джессика Пегулаға, сондай-ақ Чехия өкілі Линда Носковаға қарсы ойнайды.

Екінші топта Беларусь теннисшісі Арина Соболенко, ресейлік Мирра Андреева, украиналық Элина Свитолина және чехиялық Каролина Мухова өзара сынға түседі.

Турнир ережесіне сәйкес, әр қатысушы топтық кезеңде үш матч өткізеді. Екі топтың әрқайсысынан үздік нәтиже көрсеткен екі теннисші жартылай финалға жолдама алады.

Айта кетейік, Елена Рыбакина бұл турнирге қазіргі чемпион ретінде қатысады. Ол 2025 жылғы қорытынды жарыстың финалында Арина Соболенконы жеңіп, бас жүлдені иеленген болатын.

Биыл қазақстандық теннисші чемпиондық атағын қорғауға мүмкіндік алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button