БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Ирина Юнусметова нысана көздеуден әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық мерген Ирина Юнусметова Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Отандасымыз 50 метр қашықтықтан тапаншамен нысана көздеу бәсекесінде үздік үштікке енді. Жарыс қорытындысында Юнусметова 537 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.

Бұл сайыста Түркия спортшысы Севваль Илайда Тархан жеңіске жетті. Ол 546 ұпай жинап, әлем чемпионы атанды.

Күміс медаль Армения өкілі Эльмира Карапетянға бұйырды. Оның нәтижесі – 542 ұпай.

Осылайша, Ирина Юнусметова Қазақстан құрамасының Дохадағы әлем чемпионатындағы алғашқы медалін жеңіп алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button