ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Фатима Сұпығалиева Қазақстанға жасөспірімдер Олимпиадасының алғашқы алтын медалін әкелді

Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды.

Отандасымыз финалдық белдесуде Португалия өкілі София Гаспармен кездесті. Шешуші кездесуде қазақстандық спортшы қарсыласын иппон әдісімен жеңіп, алтын медальді жеңіп алды.

Финалдық белдесу небәрі 2 минут 33 секундқа созылды. Осы уақыт ішінде Фатима Сұпығалиева қарсыласынан айқын басым түсіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Бұл – Қазақстан құрамасының Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасында жеңіп алған алғашқы алтын медалі.

Айта кетейік, Фатима Сұпығалиева бұған дейін 2025 жылы Бахрейнде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында жеңімпаз атанған. Сондай-ақ 2026 жылы кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионатының алтын медалін иеленген болатын.

Осылайша, қазақстандық жас дзюдошы Азия ойындары мен әлем чемпионатындағы жетістігін Олимпиада алтынымен толықтырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button