КҮРЕСТРЕНДТЕ

Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Қайпанов финалда Ресей өкілі Иналбек Шериевпен кездесті. Шешуші белдесуде қарсыласына есе жіберген қазақстандық балуан әлем біріншілігін екінші орынмен аяқтады.

Нұрқожа Қайпанов финалға дейін төрт қарсыласын жеңді. Ол жарыс барысында Косово өкілі Эгзон Хониді, әзірбайжандық Туран Байрамовты, Тәжікстан атынан сынға түскен Виктор Рассадинді және жапониялық Йошиносуке Аоягиді жарыс жолынан шығарды.

Осылайша, Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатында финалға шыққан Қазақстан құрамасының жалғыз балуаны болды.

Айта кетейік, Нұрқожа Қайпанов бұған дейін де әлем чемпионаттарында бірнеше рет жүлде алған. Ол 2019 жылы күміс, 2024 жылы алтын, ал 2025 жылы қола медаль иеленген.

Астанадағы күміс жүлде Қайпановтың әлем чемпионаттарындағы төртінші медалі болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button