
Сенегал астанасы Дакарда өтетін IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын Қазақстан құрамасының толық тізімі жарияланды. Ел намысын 11 спорт түрінен 18 спортшы қорғайды.
Қазақстандық жас спортшылар таеквондо, триатлон, жеңіл атлетика, спорттық гимнастика, бокс, велоспорт, дзюдо, жағажай волейболы, жүзу, семсерлесу және брейкинг бойынша жүлделерге таласады.
Қазақстан құрамасының тізімі:
-
Таеквондо: Любовь Юн.
-
Триатлон: Рамазан Әйнегов.
-
Жеңіл атлетика: Маргарита Косинова (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Максим Сажнев (диск лақтыру).
-
Спорттық гимнастика: Ева Тациева, Андрей Терман.
-
Бокс: Ақнұр Тұрсынғали, Марал Төлепберген, Бибарыс Әшірбай.
-
Тасжолдағы велоспорт: Әнел Тәшбай, Глеб Новиков.
-
Дзюдо: Фатима Сұпығалиева.
-
Жағажай волейболы: Оразалы Сағыныш, Әлихан Ағабек.
-
Жүзу: Анатолий Руденко, Дарья Чеснокова.
-
Семсерлесу: Айбар Қайым (сабля).
-
Брейкинг: Айзара Жұмабекова.
Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасы 31 қазанда басталып, 13 қарашаға дейін жалғасады.
Бұл жарыстың тарихи маңызы зор. Сенегалдағы жасөспірімдер Олимпиадасы Африка құрлығында ұйымдастырылатын алғашқы Олимпиада ойындары болмақ.



