БОКСТРЕНДТЕ

Қазақстанның төрт боксшысы U19 әлем чемпионатында алтын медаль үшін жұдырықтасады

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының төрт өкілі финалға жолдама алды.

Жартылай финалдық жекпе-жектердің қорытындысы бойынша Алина Құдайгенова (57 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келі), Зарина Толыбай (+80 келі) және Владислав Саможонов (+90 келі) шешуші кезеңге өтті.

Осылайша, қазақстандық төрт боксшы әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасының тағы төрт өкілі әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады. Олар – Мадира Жұмақан (51 келі), Индира Қыдырмолдаева (60 келі), Данияр Ақбисенов (60 келі) және Еркетаң Жарқынбек (90 келі).

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында төрт қола медаль бар. Ал финалға шыққан төрт спортшы кемінде күміс жүлдені қамтамасыз етті.

Әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері 27 қазанда Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button