КҮРЕСТРЕНДТЕ

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының қола медалін иеленді

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали Астанада өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Цао Лигомен кездесті.

Тартысты өткен белдесуде Айдос Сұлтанғали қарсыласын 5:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола медаліне қол жеткізді.

Айта кетейік, қазақстандық балуан 2025 жылы Хорватияның Загреб қаласында өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын.

Осылайша, Қазақстан құрамасының Астанадағы әлем чемпионатында жеңіп алған жүлделер саны екіге жетті. Бұған дейін 55 келіге дейінгі салмақта Исхар Курбаев қола медаль иеленген еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button