
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Ниньбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы теннис турнирінде жеңімпаз атанды.
Шешуші кездесуде қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 30-орында тұрған Канада өкілі Лейла Фернандеспен кортқа шықты.
Рыбакина финалдық матчта қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, екі сетте де 6:2 есебімен басым түсті. Осылайша, отандасымыз турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды.
Бұл жеңіс Елена Рыбакинаға Ниньбодағы чемпиондық атағын қатарынан екінші жыл сақтап қалуға мүмкіндік берді. Қазақстандық теннисші 2025 жылы да осы турнирде топ жарған болатын.
Сонымен қатар Рыбакина Ниньбодағы жеңісінің арқасында WTA рейтингіндегі қоржынына 500 ұпай қосты.



