БАСҚАЛАРЫ
Нариман Құрбанов әлем чемпионатында қола медальдан 0,067 ұпайға қалып қойды

Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Нидерландтың Роттердам қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем чемпионатында төртінші орын иеленді.
2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері ат снарядындағы жаттығулардың финалында өнер көрсетті. Қазақстандық спортшы өз бағдарламасы үшін төрешілерден 14,933 ұпай алып, жүлделі үштікке ене алмады.
Бұл сында Армения өкілі Гамлет Манукян 15,300 ұпай жинап, әлем чемпионы атанды. Күміс медальді италиялық Габриэле Таргетта (15,233 ұпай) иеленсе, қола жүлде армениялық Мамикон Хачатрянға (15,000 ұпай) бұйырды.
Осылайша, Нариман Құрбанов әлем чемпионатының қола медалінен небәрі 0,067 ұпайға қалып, жарысты төртінші орынмен аяқтады.



