ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Михаил Шайдоров Франциядағы Гран-при кезеңінде төртінші орында тұр

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Францияның Анже қаласында өтіп жатқан 2026/27 жылғы Гран-при сериясының алғашқы кезеңінде қысқа бағдарламасын орындады.
Қазақстандық спортшы төрешілерден 80,25 ұпай алып, 12 қатысушының арасында төртінші орынға тұрақтады.
Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Франция өкілі Адам Сяо Хим Фа 102,46 ұпаймен көш бастады. Эстониялық Александр Селевко 85,49 ұпаймен екінші орынға жайғасса, Оңтүстік Корея спортшысы Со Мин Гю 83,83 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Шайдоров әзірге үшінші орында тұрған спортшыдан 3,58 ұпайға қалып келеді.
Ерлер арасындағы еркін бағдарлама 25 қазанда өтеді. Жарыстың жеңімпазы мен жүлдегерлері екі бағдарламаның жиынтық нәтижесі бойынша анықталады.



