
Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды. Қазақстан құрамасынан бозкілемге алғаш болып грек-рим күресінің өкілі Мерей Мәулитқанов шықты.
77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық балуан алғашқы белдесуінде Оңтүстік Корея өкілі Кан Хенджинмен кездесті.
Мерей Мәулитқанов қарсыласынан айқын басым түсіп, 9:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, отандасымыз әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуін сәтті аяқтады.
24 қазанда Қазақстан құрамасынан тағы үш грек-рим күресінің шебері жарыс жолына шығады. Олар – Исхар Курбаев (55 келі), Айдос Сұлтанғали (60 келі) және Ибрагим Магомадов (82 келі).
Астанадағы әлем чемпионаты 1 қарашаға дейін жалғасады.



