БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстандық садақшылар Иракта өтетін Азия кубогының кезеңіне қатысады

24-29 қазан аралығында Ирактың Сүлеймания қаласында садақ атудан Азия кубогының кезекті кезеңі өтеді. Халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының спортшылары да жүлделер үшін сынға түседі.

Қазақстандық садақшылар классикалық және блоктық садақ атудан жекелей және командалық жарыстарға қатысады. Ұлттық құраманың тізіміне 16 спортшы енді.

Классикалық садақ атудан ерлер арасында Мухаммад Бегайдар, Әлемхан Қабдрахманов, Қамар Рахымжан және Санжар Ержанұлы ел намысын қорғайды.

Әйелдер арасындағы осы сайыста Назеркеш Әлібек, Ангелина Власова, Ясмин Ғалиахмет және Анастасия Солодовникова өнер көрсетеді.

Блоктық садақ атудан ерлер құрамасына Данияр Жұмаев, Ислам Серікұлы, Никита Ивлев және Павел Кузнецов енді.

Ал әйелдер арасында Аяжан Жақсылық, Милана Бурлева, Эльмира Раисова және Жанель Шадьярова жарыс жолына шығады.

Азия кубогының Сүлейманиядағы кезеңі алты күнге созылады. Қазақстандық спортшылар екі садақ түрі бойынша жекелей және командалық бәсекелерде жүлделі орындарға таласады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button