КҮРЕСТРЕНДТЕ

Астанада өтетін күрестен әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанада күрестен әлем чемпионаты өтеді. Біріккен күрес әлемі (UWW) халықаралық жарысқа қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады.

Елордадағы «Барыс Арена» кешенінде ұйымдастырылатын әлем біріншілігінде балуандар еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресі бойынша жүлделерді сарапқа салады.

Қазақстан құрамасының алдын ала тізіміне әлем чемпионаттары мен халықаралық жарыстарда жүлде алған бірқатар тәжірибелі балуандар енді.

Еркін күрес:

  • 57 келі: Мейрамбек Қартбай, Саят Сисенбайұлы

  • 61 келі: Асыл Айтақын

  • 65 келі: Өсімжан Дастанбек

  • 70 келі: Санжар Досжанов

  • 74 келі: Нұрқожа Қайпанов

  • 79 келі: Шамсат Таир

  • 86 келі: Болат Сақаев

  • 92 келі: Азамат Дәулетбеков, Азамат Түсіпбеков

  • 97 келі: Ризабек Айтмұхан

  • 125 келі: Едіге Қасымбек

Грек-рим күресі:

  • 55 келі: Исхар Курбаев

  • 60 келі: Айдос Сұлтанғали

  • 63 келі: Мейрамбек Айнағұлов

  • 67 келі: Бағдат Сабаз, Сұлтан Әсетұлы, Ержет Жарлықасын

  • 72 келі: Алматбек Аманбек, Николай Хапко

  • 77 келі: Мерей Мәулитқанов

  • 82 келі: Ибрагим Магомадов

  • 87 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов

  • 97 келі: Ислам Евлоев

  • 130 келі: Олжас Сырлыбай

Әйелдер күресі:

  • 50 келі: Зейнеп Баянова

  • 53 келі: Айнұр Әшімова

  • 55 келі: Лаура Алмағанбетова

  • 57 келі: Нилуфар Раимова

  • 59 келі: Алтын Шагаева

  • 62 келі: Ирина Кузнецова

  • 65 келі: Бейбіт Сейдуәлі

  • 68 келі: Ирина Казюлина

  • 72 келі: Жамилә Бақбергенова

  • 76 келі: Гүлмарал Еркебаева

Айта кетейік, жарияланған тізім алдын ала жасалған. Әлем чемпионаты басталғанға дейін Қазақстан құрамасының құрамына өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button