
Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі қола медальмен толықты.
Пара үстел теннисінен Ардақ Нұрмағамбетов пен Али Махулбеков жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Ардақ Нұрмағамбетов 1 санаттағы А тобында айналмалы жүйе бойынша төрт кездесу өткізді. Қазақстандық спортшы екі қарсыласын жеңіп, жарыс қорытындысында үшінші орынға ие болды.
Ал Али Махулбеков 8 санаттағы бәсекеде жартылай финалға дейін жетті. Финал жолдамасы үшін өткен кездесуде ол Чжао Шуайға 0:3 есебімен есе жіберді.
Осылайша, Али Махулбеков те Азия Пара ойындарының қола жүлдегері атанды.
Фото: Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық комитеті



