ҚЫСҚЫ СПОРТ

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Будапешттегі халықаралық турнирді аяқтады

Венгрияның Будапешт қаласында мәнерлеп сырғанаудан ISU Challenger сериясына кіретін Budapest Trophy 2026 халықаралық турнирі мәресіне жетті.

Жарыста Қазақстан атынан үш спортшы қатысты. Олардың екеуінің нәтижесі жарияланды.

Ерлер арасындағы жекелей сында Никита Кривошеев 20-орынға ие болды. Қазақстандық спортшы қысқа бағдарламада 61,14 ұпай жинап, 17-сатыға тұрақтады. Ал еркін бағдарламада 110,02 ұпай еншіледі. Екі бағдарлама қорытындысы бойынша 171,16 ұпай жинады.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Зере Сарбалина 36-орын алды. Ол қысқа бағдарламада 39,37 ұпай, еркін бағдарламада 55,50 ұпай жинады. Жалпы нәтижесі 94,87 ұпай болды.

Ерлер арасындағы жарыста Италия өкілі Даниэль Грассль 268,84 ұпаймен жеңімпаз атанды.

Ал әйелдер арасында бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен Алина Горбачёва 203,35 ұпай жинап, алтын медаль жеңіп алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button