БАСҚАЛАРЫ

Спорттық атудан әлем чемпионатына Қазақстаннан 30 спортшы қатысады

Қатардың Доха қаласында өтетін спорттық атудан әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі жарияланды.

1-14 қараша аралығында ұйымдастырылатын халықаралық жарыста ел намысын 30 спортшы қорғайды. Қазақстандықтар нысана көздеу және стенд ату дисциплиналары бойынша жүлделерді сарапқа салады.

Стенд атудан ұлттық құрама сапына 12 спортшы енді. Олар: Әлішер Айсалбаев, Айжан Досмағамбетова, Элеонора Ибрагимова, Ольга Хайлова, Александр Мухамедиев, Әсем Орынбай, Зоя Пискун, Даниил Почивалов, Марк Почивалов, Максим Почивалов, Наргиза Сарманова және Александр Ещенко.

Ал нысана көздеуден 18 қазақстандық спортшы өнер көрсетеді. Олардың қатарында Сәуле Әлімбек, Елизавета Безрукова, Никита Чирюкин, Кирилл Федькин, Артемий Кабаков, Александра Ле, Арина Малиновская, Константин Малиновский, Олег Носков, Валерия Попелова, Валерий Рахымжан, Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин, София Шульженко, Нина Старова, Кирилл Цуканов, Руслан Юнусметов және Ирина Юнусметова бар.

Қазақстан құрамасының сапында Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Александра Ле мен Ислам Сәтпаев та әлем чемпионатының медальдары үшін сынға түседі.

Айта кетейік, жарияланған қатысушылар тізімі алдын ала жасалған. Сондықтан әлем чемпионаты басталғанға дейін Қазақстан құрамасының құрамына өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button