Давид Дегтярев Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алып, рекорд орнатты

Қазақстандық пара пауэрлифтингші Давид Дегтярев Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия Пара ойындарының жеңімпазы атанды.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз 191 келіні көтеріп, алтын медаль иеленді. Сонымен қатар бұл нәтижесімен Азия Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты.
Аталған салмақта күміс медаль Қытай өкілі Ян Цзинлянға бұйырды. Ал Индонезия спортшысы Хильман үшінші орын алып, қола жүлдегер атанды.
Давид Дегтяревтің жеңісі Қазақстан құрамасына Азия Пара ойындарындағы екінші алтын медальді әкелді.
Бұған дейін пара нысана көздеуден Еркін Ғаббасов 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкамен ату сайысында (R1) топ жарып, ел қоржынына алғашқы алтынды салған болатын.
Сондай-ақ пара пауэрлифтингтен 41 келіге дейінгі салмақта Тұрсынай Қабыл күміс медаль жеңіп алды.
Фото: Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық комитеті



