
Қазақстандық балуан Мерей Базарбаев АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды.
Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз жартылай финалда жапониялық Дайто Кацумемен кездесті.
Қазақстандық спортшы қарсыласынан 7:0 есебімен басым түсіп, әлем чемпионатының шешуші белдесуіне өтті.
Енді Мерей Базарбаев алтын медаль үшін түркиялық Бекир Кесермен күреседі.



