
Хорватияның Загреб қаласында өтетін дзюдодан Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі жарияланды.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметінше, 13-15 қараша аралығында ұйымдастырылатын жарыста Қазақстан намысын 17 спортшы қорғайды. Оның сегізі ерлер, тоғызы әйелдер арасындағы бәсекеге қатысады.
Ерлер құрамасы:
60 келі: Аман Бақытжан, Нұраділ Әлжан
66 келі: Нұрқанат Серікбаев
73 келі: Бақытжан Абдурахманов
90 келі: Ермахан Әнуарбеков, Нұржан Бисенов
100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев, Жантілек Нұртілепұлы
Әйелдер құрамасы:
48 келі: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
52 келі: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова
57 келі: Дана Әбдірова
63 келі: Эсмигүл Куюлова
70 келі: Ажар Асхат
78 келі: Екатерина Токарева
78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова
Қазақстан құрамасының сапында халықаралық жарыстарда тәжірибе жинақтаған Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева және Ерасыл Қажыбаев секілді спортшылар бар.
Айта кетейік, IJF жариялаған қатысушылар тізімі алдын ала жасалған. Сондықтан турнир басталғанға дейін ұлттық құрама құрамына өзгерістер енгізілуі мүмкін.



