ҚЫСҚЫ СПОРТ
Софья Самоделкина Канадада өтетін Гран-при кезеңіне қатысады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Skate Canada International 2026 Гран-при кезеңінде өнер көрсетеді.
Халықаралық жарыс 30 қазан мен 1 қараша аралығында Канаданың Келоуна қаласында ұйымдастырылады.
Самоделкина әйелдер арасындағы жекелей сырғанаудан сынға түседі. Бұл санатта барлығы 12 спортшы жүлделерді сарапқа салады.
Айта кетейік, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы бұған дейін Алматыда өткен Денис Тен мемориалында қола медаль жеңіп алған болатын. Ол аталған жарыста қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша 204,36 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.
Канададағы Гран-при кезеңі Софья Самоделкинаның 2026/2027 жылғы маусымдағы кезекті халықаралық жарысы болмақ.



