БАСҚАЛАРЫ

Қазақстандық жеті семсерлесуші Алжирдегі әлем кубогына қатысады

Қазақстан құрамасының жеті спортшысы Алжирдің Оран қаласында өтетін семсерлесуден әлем кубогының кезеңінде бақ сынайды.

15-18 қазан аралығында ұйымдастырылатын халықаралық жарыста қазақстандық семсерлесушілер сабля сайысында жүлделер үшін күреседі.

Ерлер арасындағы бәсекеде ел намысын Артур Чупраков, Қуаныш Ерғашбай, Артем Саркисян және Назарбай Саттархан қорғайды.

Ал әйелдер құрамасы сапында Карина Доспай, Анастасия Гулик және Әйгерім Сарыбай өнер көрсетеді.

Қазақстандық спортшылар әлем кубогының бұл кезеңінде жекелей және командалық жарыстарға қатысады.

Орандағы әлем кубогы кезеңі 15 қазанда басталып, 18 қазанда аяқталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button