Бокстан U19 әлем чемпионатында Қазақстан намысын 20 спортшы қорғайды

World Boxing ұйымдастыратын халықаралық жарыста ел намысын 20 боксшы қорғайды. Оның он ер және он әйел спортшы екені белгілі болды.
Ерлер құрамасы:
-
50 келі: Әділ Асқанбай
-
55 келі: Айдос Үсенов
-
60 келі: Данияр Ақбисенов
-
65 келі: Ақжүрек Қалабай
-
70 келі: Бибарыс Әшірбай
-
75 келі: Әмір Рамазан
-
80 келі: Тимур Тайбеков
-
85 келі: Руслан Ахметов
-
90 келі: Еркетан Жарқынбек
-
+90 келі: Владислав Саможонов
Әйелдер құрамасы:
-
48 келі: Жадыра Қалтай
-
51 келі: Мадира Жұмақан
-
54 келі: Жанель Имантаева
-
57 келі: Алина Құдайгенова
-
60 келі: Индира Қыдырмолдаева
-
65 келі: Айсұлу Мұхит
-
70 келі: Камила Оспанова
-
75 келі: Алтынгүл Аймахан
-
80 келі: Айдана Убайдуллақызы
-
+80 келі: Зарина Толыбай
Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінің ерлер мен әйелдер арасындағы барлық он салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.
Будвадағы U19 әлем чемпионаты 15 қазанда басталып, 27 қазанға дейін жалғасады.



