
Әзербайжан астанасы Бакуде дзюдодан ересектер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы жарысты бір күміс медальмен қорытындылады.
Ұлттық құрама сапындағы жалғыз жүлдені Шерзод Давлатов жеңіп алды. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
81 келіде өнер көрсеткен Абылайхан Жұбаназар да медальға жақын болды. Қазақстандық дзюдошы қола жүлде үшін белдесуде қарсыласына есе жіберіп, бесінші орынға тұрақтады.
Чемпионаттың соңғы күнінде аралас командалар арасындағы жарыс өтті. Қазақстан құрамасы алғашқы айналымда Франциямен кездесіп, 1:4 есебімен жеңілді. Осы нәтижеден кейін отандастарымыз командалық бәсекені аяқтады.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Бакудегі әлем біріншілігін бір күміс медальмен аяқтады.



