
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Түркияның Самсун қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы турнирде жұптық сында өнер көрсетуін жалғастырады.
Отандасымыз хорватиялық Луция Чирич-Багаричпен бірге ширек финалда швейцариялық Наима Карамоко мен германиялық Нома Ноа Акугуэ жұбын жеңді.
Турнирде төртінші нөмірмен тіркелген қазақстандық-хорватиялық жұп қарсыластарынан екі сетте басым түсті. Кездесу 6:3, 6:4 есебімен аяқталды.
Енді Жібек Құламбаева мен Луция Чирич-Багарич финал жолдамасы үшін бірінші нөмірмен тіркелген ресейлік Елена Приданкина мен Анастасия Тихоноваға қарсы ойнайды.
Жартылай финалдық кездесу 10 қазанға жоспарланған.



