
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Какау әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Беларуське қарсы өтетін кездесуге шақырылған ойыншылар тізімін жариялады.
Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 10 қазанда Астанада басталады. Ал Беларусьпен кездесу 20 қазанда Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
Бас бапкер алдағы матчқа 16 футзалшыны шақырды.
Қақпашылар:
-
Игита
-
Талғат Өтепбергенов
-
Нарун Серіков
Алаңдағы ойыншылар:
-
Біржан Оразов
-
Жаһангір Рашит
-
Арнольд Кнауб
-
Нұрсұлтан Пиялы
-
Дуглас
-
Элсон
-
Ержан Қарменов
-
Нұрқанат Бақтияров
-
Александр Дерябин
-
Ринат Төреғазин
-
Альберт Ақбалықов
-
Азат Валиуллин
-
Дәурен Тұрсағұлов
Қазақстан құрамасы Беларуське қарсы кездесуге дайындықты елордада өткізеді. Матч 20 қазан күні Астанада ұйымдастырылады.



