ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Астанада конькимен жүгіруден әлем кубогына іріктеу жарысы өтеді

13-15 қазан аралығында Астанадағы «Алау» мұз сарайында конькимен жүгіруден жекелеген қашықтықтар бойынша Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылады.

Ел біріншілігі Халықаралық конькимен жүгіру одағының (ISU) 2026/2027 жылғы маусымдағы әлем кубогы кезеңдеріне қатысатын Қазақстан құрамасын анықтауға мүмкіндік береді. Жарыс қорытындысы бойынша ересектер мен жасөспірімдер құрамалары жасақталады.

Чемпионатқа еліміздің жетекші конькишілері қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен Евгений Кошкин, Арина Ильященко, Елизавета Голубева және Кристина Силаева бар.

Сондай-ақ жарысқа жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес алтын медаль жеңіп алған Кристина Шумекова қатысады. Ол биылғы маусымнан бастап ересектер санатында бақ сынайды.

Қазақстан чемпионаты үш күнге созылып, 15 қазанда аяқталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button