ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Қазақстанның шорт-тректен Әлем кубогының алғашқы кезеңдеріне қатысатын құрамы анықталды

Қазақстан конькишілер одағы шорт-тректен 2026/2027 жылғы маусымдағы Әлем кубогының бірінші және екінші кезеңдерінде ел намысын қорғайтын спортшылар тізімін жариялады.

Ұлттық құрама сапына Глеб Ивченко, Богдан Вехов, Айбек Нассен, Айбек Темірхан, Тамирлан Жолдас, Мақсат Уалиулла, Малика Ермек, Алина Әжіғалиева, Анастасия Галечина, Зейнеп Құмарқан, Гүлдана Жалмұқан және Полина Омельчук енді.

Әлем кубогының бірінші кезеңі 23-25 қазан аралығында Канаданың Ванкувер қаласында өтеді.

Ал екінші кезең 30 қазан мен 1 қараша аралығында Монреальда ұйымдастырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button