ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстан U21 құрамасы іріктеу кезеңін Молдовадан жеңіліспен аяқтады

Қазақстан жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы кездесуінде Молдоваға 2:3 есебімен жол берді.

Қазақстан сапынан Сейв Попов пен Мирас Оматай гол соқты. Алайда екінші таймда ұлттық құрама екі ойыншысынан айырылды. Мирас Оматай мен Сұлтан Асқаров қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Осылайша, Қазақстан U21 құрамасы іріктеу кезеңіндегі он матчтың сегізінде жеңіліс тауып, өз тобында алтыншы, соңғы орынмен аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button