КҮРЕСТРЕНДТЕ

Нұрқожа Қайпанов Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін өткен белдесуде Қайпанов Үндістан өкілі Сагар Джагланмен кездесті.

Қазақстандық балуан белдесуді сенімді өткізіп, қарсыласын 5:0 есебімен жеңді.

Осылайша, Нұрқожа Қайпанов Қазақстан құрамасының қоржынына еркін күрестен қола медаль қосты.

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Басқа жаңалықтар

Back to top button