БОКСТРЕНДТЕ

Айбек Оралбай Азия ойындарының чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінің финалында Қазақстан құрамасының капитаны Өзбекстан өкілі Жахонгир Зокировпен қолғап түйістірді.

Бірінші раундта Айбек Оралбай 3:2 есебімен басым түсті. Екінші раундта төрешілердің барлығы жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Сонымен қатар өзбекстандық спортшыдан бір ұпай шегерілді.

Жекпе-жек қорытындысында Айбек Оралбай төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Бұл – Қазақстан бокс құрамасының осы Азия ойындарындағы екінші алтын медалі. Бұған дейін 70 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан чемпион атанған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button