КҮРЕСТРЕНДТЕ

Начын Куулар Азия ойындарында еркін күрестен қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық еркін күрес шебері Начын Куулар Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін өткен белдесуде Куулар КХДР өкілі Ким Кван Джинмен кездесті.

Бірінші кезеңнен кейін қазақстандық балуан 0:3 есебімен жеңіліп жатты. Алайда екінші кезеңде белсенділігін арттырып, жеті ұпай жинады. Нәтижесінде Начын Куулар қарсыласын 7:5 есебімен жеңіп, қола медаль иеленді.

Осылайша, Начын Куулар Қазақстан құрамасының қоржынына еркін күрестен қола жүлде қосты.

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Басқа жаңалықтар

Back to top button