ТЕННИСТРЕНДТЕ

Анна Данилина мен Юлия Путинцева Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық теннисшілер Анна Данилина мен Юлия Путинцева Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында жұптық сында қола медаль жеңіп алды.

Жартылай финалда қазақстандық жұп Қытайлық Тайбэй өкілдері Се Шувэй мен Лян Эньшомен кездесті.

Тартысты өткен матчта екі сет те тай-брейкке ұласты. Қарсыластар 7:6 (7:3), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.

Осылайша, Анна Данилина мен Юлия Путинцева Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Путинцева бұған дейін жекелей сында да қола медаль жеңіп алған еді.

Фото: Никита Басов

Басқа жаңалықтар

Back to top button