ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Ажар Асхат Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық дзюдошы Ажар Асхат Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Ажар Асхат Жапония өкілі Рин Маедамен белдесті. Шешуші кездесуде жапониялық дзюдошы жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.

Осылайша, Ажар Асхат Азия ойындарын күміс жүлдемен аяқтады.

Бұған дейін Қазақстан құрамасынан Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі, Елдос Сметов 60 келіге дейінгі, Әділет Алмат 81 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанған еді.

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Басқа жаңалықтар

Back to top button