ТЕННИСТРЕНДТЕ

Юлия Путинцева Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасындағы жекелей сынның жартылай финалында Путинцева Қытай өкілі Чжан Шуаймен кездесті.

Матч екі сетке созылып, қытайлық теннисшінің 6:4, 6:2 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Юлия Путинцева 2026 жылғы Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады.

Фото: Никита Басов

Басқа жаңалықтар

Back to top button