
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Спорттық гимнастикадан еркін жаттығудың финалында Карими 14,600 ұпай жинап, екінші орын иеленді.
Алтын медаль Филиппин өкілі Карлос Эдриэль Юлоға бұйырды. Ол 14,666 ұпай жинады. Жапониялық Сёма Цукияма 14,566 ұпаймен қола жүлдеге ие болды.
Осылайша, Милад Карими Қазақстан құрамасының қоржынына Азия ойындарының күміс медалін қосты.
Фото: Арлан Олжабай



