
Қазақстандық Абдурашид Абдуллаев Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында ушу-саньдадан күміс медаль жеңіп алды.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық спортшы Иран өкілі Сохейл Мусавимен кездесті.
Алтын медаль үшін өткен жекпе-жекте Абдуллаев қарсыласына жол беріп, жарысты екінші орынмен аяқтады.
Осылайша, Абдурашид Абдуллаев 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Фото: Нұрғали Жұмағазы



